СЕГОДНЯ, 23 апреля – день рождения моего друга ШАХМАРДАНА АБИЛОВА – народного артиста Республики Казахстан, лауреата Государственной премии РК, выдающегося педагога, профессора, певца. Ему исполняется 75 лет!
ҰЛЫ АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАХМАРДАН
Бесігінде бөленгені, тербелгені ән екен.
Бойындағы тектелік бабадан берілген қан екен.
Жаттып өсіп бала жастан Абайды,
Көкірегі көсемсөзге бай екен.
Жастайынан өнерге қанат қомдады.
Ұлылардан дәріс ап, ән көгіне самғады.
Театрда опера - Фигаро, Риголетто, Онегин,
Ұлы Абай мен Бұхар жырауды да сомдады.
Әнші Шакең, әу! - десе, ән төгілер мәнерлі,
Ұлы Абайды ұлықтап аралады әлемді.
Профессор вокалдан, ел таныған әнші етті,
Талай жасты талапты, тәрбиелеп өнерлі.
Ұлы Абайдың жинақтап мол мұрасын,
Моноопера еттің, өлең мен әнін - кіл асыл.
Өзің пір тұтқан - Бекен, Ермек, Еркеғали,
Атағыңды атасақ, солармен қатар тұрасың!
Жақсымды айтып асырған, жаманымды жасырған,
Қуанышта, қайғыда табылатын қасымнан.
Қазақ деп соққан жүрегі, тыныштығы елдің - тілегі,
Өзіңдей қамқор нартұлға, айналайын досымнан!
Құрметім болсын арнаған мерекеңе өлеңім!
Әлі талай биікті аларыңа сенемін!
Еңбегіңді, өнеріңді бағалап,
Құттықтау да, ардақтау да - сені елің!
Талантыңменен аштың өнер қақпасын,
Елің үшін тер төгіп, маңдайда әжім, ақ шашың.
Қосағыңмен қол ұстасып жүзге жет!
Ұрпақтарың, шәкірттерің үмітіңді ақтасын!
@ Аймұханбет Бейсембеков 23.04.2025.
Шахимардан ага, я тоже присоединяюсь к поздравлениям!
Импресарио Эльбрус Имамбаев.