Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Гүлжан Түткібаева: Үлкен сахнада 40 жыл

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Гүлжан Түткібаеваның 40 жылдық шығармашылық жолына арналған деректі фильм дайындады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп:
«Алдағы он жылда біз елдің жаңа бейнесі мен ұлттың жаңа келбетін қалыптастыруымыз қажет.
Бүгінде жүзеге асырып жатқан жүйелі жаңғырту шаралары қоғамның, экономиканың, мәдениеттің әлеуетін біртіндеп ашуға бағытталған», – деп атап өтті.

Бұл тұжырымдама аясында мәдениетті дамыту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі, ал мәдени мекемелер мен мәдениет қайраткерлері осы бағытта маңызды рөл атқарады.

Гүлжан Түткібаеваның шығармашылық өмірі Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрымен тығыз байланысты. 1974 жылы жас 10 жасар балерина Мәскеу мемлекеттік хореография академиясына оқуға түсіп, 1982 жылы «Балет әртісі» мамандығы бойынша орта кәсіби білім алып, атақты МАТОБ сахнасында өнер көрсете бастады. Сол уақыттан бері 40 жыл өтті, бірақ балет жұлдызының күнделікті бағыты өзгерген жоқ. Гүлжан Ұсамбекқызы прима рөлінен жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа буын бишілер үшін Ұстаз болды, балетмейстер-постановщик ретінде ұстаздарының балеттерін қайта жаңғыртып, жаңаларын қояды. Гүлжан Түткібаева – дәстүрді сақтау, академизм және ұлттық ерекшелігімен қазақ балетінің символы.

2022 жылы Гүлжан Түткібаева Мәскеуде өткен, Ю. Григоровичтің 95 жылдығына арналған беделді ХІV Халықаралық балет әртістері фестивалінің қазылар алқасына шақырылды.

Деректі фильм Гүлжан Түткібаеваның өмірбаяны мен жоғары шығармашылық жетістіктерін ғана емес, оның шығармашылық тағдыры арқылы қазақ балеті мен театрының бүгінгі жетістіктерін баяндайды, хореографиялық өнердің жарқын өкілдерін – ұстаздар мен шәкірттерді, отандық және әлемдік жұлдыздарды көрсетеді. Сонымен қатар, фильмде қазақстандық балеттің үлкен жұлдыздары – Бапов, Райбаев және т.б. туралы естеліктер беріледі, сондай-ақ Э. Мәлбеков сияқты құрметті шеберлерді де көреміз.

Фильм авторы: журналист, Қор Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы – Зарина Мұхамедәлі.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған