Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің есіміңіз – қазақ кино өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын аңыз “Қазақтын Қыз-Жібегі». 1970 жылы экранға шыққан «Қыз-Жібек» фильміндегі образыңыз тек бір рөл ғана емес, бүкіл халықтың махаббаты мен арулықтың, нәзіктік пен асқақ рухтың символына айналды.
Сол бір әсем бейне арқылы Сіз жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени мұрамыздың жарқын жұлдызына айналдыңыз.
Ғасырлар бойы сақталған эпостың басты кейіпкерін бойына сіңіріп, оны жүрегі арқылы жеткізген Сіз – Қазақстанның мәдени мұрасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғасыз. М. Әуезов атындағы театр сахнасында сомдаған Карагөз бен Еңлік сынды тағы басқа да рөлдеріңіз қазақ өнерінің асыл маржанына айналды.
Мәдени мұра қоры атынан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және шаңырағыңызға бақ-береке тілейміз.
Жүрегіңіз махаббат пен шығармашылық шабытқа толы болсын.
Қазақ халқы Сізді әрқашан сүйіспеншілікпен еске алады және мақтан тұтады.
Құрметпен,
«Мәдени мұра» қоры атынан Импресарио,
Эльбрус Имамбаев.


