2025 жыл «Астана Балет» театры үшін шын мәнінде табысты әрі жемісті жыл болды. Өткен жылы қандай нәтижелерге қол жеткіздік?
Театр Павлодар, Алматы және Қостанайға гастрольдік сапарларын сәтті өткізіп, сондай-ақ Мәскеудегі беделді Benois de la Danse халықаралық сыйлығының номинанты атанды. Жылдың маңызды жетістігі Оңтүстік Кореядағы Cheonan World Dance Festival 2025 Дүниежүзілік би фестивалінде күміс медаль жеңіп, театрды әйгілеп тұрған – «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасының хореографиялық миниатюралары көрсетілді.
2025 жылы театрда 50 000 жуық көрермен қатысқан 83 спектакль көрсетілді.
Осы жылы қазан айында театр репертуары екі актілі «Қоскілем» балетімен толысты. Қазақстан Республикасы күніне орай «Мәңгілік ел» мерекелік концерті өтті. Оның аясында –«Қарлығаш» және «Құрбылар» екі хореографиялық миниатюраның премьерасы көрсетілді.
Театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри және жетекші солист Сүндет Сұлтанов бей ресми түрде «Балет Оскары» деп аталатын беделді Benoisde la danse 2025 Халықаралық балет сыйлығының номинанттарының қатарына қосылды.
Жыл соңында «Астана Балет» театры бірден екі номинация бойынша театр сыншылары бірлестігінің жыл сайынғы сыйлығын жеңіп алып, жоғары кәсіби марапатқа ие болды. «Жыл балеті» атағы Мукарам Авахри мен Тимур Загидуллиннің қойылымындағы «Carmina Burana» спектакліне, ал «Үздік балет әртісі» атағы жетекші солист Сүндет Сұлтановқа берілді.
2025 жыл театр үшін жеңістер, батыл эксперименттер және халықаралық деңгейде танылу жылына айналды. Мықты шығармашылық топ, талантты әртістер мен жаңашыл қойылымдар «Астана Балет» театрын ұлттық дәстүрдің шырақшысы ғана емес, сонымен қатар заманауи би өнерінің өкілі ретінде танытты.
