
Бүгінде қазақ өнері әлемдік деңгейде белгілі бір биіктерге көтерілді. Бұл — ұлттық мәдениетті сақтау, дамыту және әлемге таныту жолындағы Аида Ғалымқызының көп жылғы еңбегінің сөзсіз лайықты нәтижесі.
Мәдениет — нәзік әрі жұмсақ күш, мәдени дипломатияның маңызды құралы және Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясатын ілгерілетудің қосымша факторы.
Өнер арқылы әлем Қазақстанды — ашық, өзіндік болмысы бар, талантты әрі жасампаз ел ретінде таниды.
🌿 Cultural Legacy Fund Аида Ғалымқызы Балаеваға ұлттық мәдениетті дамыту мен дәріптеуге қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Қазақ мәдениетінің үні әлемнің ең үздік сахналарында бұдан да биік әрі лайықты деңгейде шырқай беруі үшін осы маңызды миссия жолында жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!
