Табанды 9 айлық көрсеткіштер – кіріс пен тасымалдау көлемінің айтарлықтай өсуімен ерекшеленді. Үшінші тоқсанда Pratt & Whitney қозғалтқыштарының жоспардан тыс алынуы әсер етті.
Air Astana тобы 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдың қорытындысын жариялады.
-
Жалпы табыс пен өзге де кірістер 10,1%-ға өсіп, 1 096,8 млн АҚШ долларын құрады.
-
EBITDAR 3,5%-ға өсіп, 262,2 млн АҚШ долларына жетті, EBITDAR маржасы – 23,9%.
-
Салық салғаннан кейінгі пайда (PAT) 31,2 млн АҚШ долларын құрады. Топ тасымалдаған жолаушылар саны 10,5%-ға артып, 7,5 млн адамға жетті.*
Деректер 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырылған.
Толығырақ: ir.airastana.com

