Дарынды опера әншісі Айгерім Алтынбекті әйгілі «Ла Скала» театрындағы тағылымдамадан өтуге арналған қатаң іріктеуден сүрінбей өткен жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!
Опера өнерінің қасиетті ордасы саналатын осы тарихи сахнада Айгерім баға жетпес білім мен тәжірибе жинақтайтынына кәміл сенемін.
Енді ол әлемге әйгілі тенорлар — Хосе Каррерас пен Андреа Бочеллимен бірге өнер көрсетеді.
Айгерімге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!