362 әулие мекендеген киелі Маңғыстау өңіріне жолым түскенде, табиғаттың таңғажайып туындысы — Бозжыра шатқалына бармай кету мүмкін емес еді. Ыстыққа, ұзақ жолға, қолымыздағы ауыр заттарға, ұлттық киімнің салмағына және түсірілімге арналған арнайы жабдықтардың ауырлығына қарамастан, шыңдарға көтеріліп, бірнеше ерекше локацияда түсірілім жасап үлгердік.
Осыдан 3 жыл бұрын Ақтауға келгенімде, қаладан 300 шақырым қашықтықтағы Бозжыраға жолым түспей, қатты өкініп кеткен едім. Сол кезде “бір күні міндетті түрде қайта келемін” деп іштей ниет еткенмін. Міне, арада 3 жыл өткенде Алланың қалауымен, армандаған мекенімде қобызымды құшақтап тұрмын. Кейде адам шын жүректен қалаған дүниеге уақыт өте міндетті түрде жетеді екен🥹🙌
@kunkei_sabina
@jalgaso_0



