"Астана Балет" театры барлық классикалық музыка сүйер қауымды "ЕСІМДЕР" жобасы аясындағы бірегей концертке шақырады. Бұл кеш Людвиг ван Бетховен мен Франц Шуберт сынды ұлы композиторлардың шығармаларына арналады.
Сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді: Қаламқас Жұмабаева (скрипка), Ермек Құрманаев (виолончель), Әмір Тебенихин (фортепиано), ал театрдың бас дирижері Арман Уразғалиев басқаруымен.
Концерт бағдарламасында – Франц Шуберттің №8 "Бітпеген" симфониясы және Людвиг ван Бетховеннің скрипка, виолончель және фортепианоға арналған Үштік концерті. Бұл туындылардың бірегейлігі олардың гармониясы, эмоциялық тереңдігі және орындау шеберлігінде жатыр.
Ұлы музыка әлеміне еніп, симфониялық өнердің ұлылығы мен сұлулығын сезінуге мүмкіндік жіберіп алмаңыз.
Дирижер: Арман Уразғалиев, Қор Қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
Күні: 8 ақпан
Билеттер:astanaballet.com