Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Астана Опера» театрының жетекші әртісі Еркін Рахматуллаев Ұлттық хореография академиясын тәмамдады

Академияның басты миссияларының бірі — классикалық балет дәстүрлерін бүкіл әлемге тарату.

Біз үшін бұл миссияны жүзеге асыруда жыл сайын Академиядан тамаша түлектердің қанат қаққаны – үлкен мақтаныш. Көптеген түлектеріміз өнер жолында зор жетістіктерге жетіп, бұл туралы біз алдағы уақытта бірлескен жобалар арқылы да қуана хабарлайтын боламыз.

Биыл Ұлттық хореография академиясын «Астана Опера» театрының жетекші әртісі Еркін Рахматуллаев сәтті аяқтап, диплом иегері атанды.

Еркін өз дарынымен әлемдік сахналарда көрермендер мен БАҚ өкілдерінің ыстық ықыласына бөленіп, еліміздің мәдени мұрасын таныта алатын лайықты тұлға екенін дәлелдеді.

Қорымыз алдағы уақытта Еркінмен бірлескен жобалар мен гастрольдік турларды жоспарлап отыр, бұл туралы жақын арада хабарлаймыз.

Шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жеке өміріңізде бақыт тілейміз!

Құрметпен,
Қор Президенті,
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев

24062025 3

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған