12 және 13 қыркүйекте сіздерді Ролан Петидің құштарлық, драма және тамаша хореография әлеміне шақырамыз. Сахнада — ұлы шебердің үш жауһар туындысы:
«Арлезианка» — Жорж Бизенің музыкасына қатерлі құмарлық хикаясы.
«Бозбала және Өлім» — Иоганн Себастьян Бахтың музыкасына пәлсапалық өсиет әңгіме.
«Кармен» — Томи Дессердің оркестрге лайықтауында Жорж Бизенің музыкасына жазылған еркіндік сүйгіш сұлудың аты аңызға айналған хикаясы.
Бұл балеттерде музыканың қуаты мен қозғалыс мәнерлілігі ұштасады, ал әрбір хикая алғашқы сәттен-ақ өзіне баурап, еліктіріп әкетеді.
12, 13 қыркүйек
Астана Опера
Билеттер astanaopera.kz сайтында сатылымда
Мәдени мұра қоры сәтті шығармашылық маусымды және жеңіл аяқтар мен жарқын қойылымдарды тілейді.
Құрметпен,
Импресарио,
Мәдени мұра қорының президенті
Имамбаев Эльбрус