Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Ата салтым - асыл қазынам

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры қазақ халқының өмірлік философиясын сахна төрінде жаңғыртты.

Театрландырылған хор қойылымы – күй мен әннің, көркем сөз бен дәстүрдің, сахна мен шынайы өмірдің үйлесімі. Қазақ халқының ғасырлар бойғы ғұрыптарын көрермен жүрегіне жеткізген хор әртістері ұлттық нақыштағы әндермен салтанатты кештің сәнін ашты.

Бұл кеште Дәулеткерей, Құрманғазы, Е. Хасанғалиев сынды композиторлардың шығармалары орындалып, хордың жеке орындаушылары өз өнерін паш етті. Қойылым көрерменге халқымыздың кеңпейілдігі мен ұлттық болмысын тереңнен сезінуге мүмкіндік берді.

Ұлттық мәдениет пен өнерге тағзым ретінде ұсынылған бұл кеш – өткеннің аманаты, болашаққа ұмтылған қадам.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған