Б.Қыдырбектің Реквиемі – қазақстандық музыка өнерінің тарихында осы жанрда жазылған тұңғыш туынды – 2014 жылы ол әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылды.
Реквиемнің негізгі арқауы – бірлік, бейбітшілік, рухани келісім мен төзімділік. Туындының тағы бір айтар ойы – ғасырлар бойы азат елдің ұлы идеясы берілген ұрпақтар сабақтастығы, заманалар жалғастығы, отанға қызмет етудің асқақ мұраты.
Тыңдармандарда ұрпақтар тағдыры мен ел болашағы туралы толғанатын замандас шығармашылығын лайықты бағалауға тамаша мүмкіндік бар.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)
Гүлжанат САПАҚОВА (меццо-сопрано)
Артур ҒАБДИЕВ (тенор)
Алтынбек ӘБІЛДА (баритон), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
«АСТАНА ОПЕРА» ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Дирижер – Ерболат АХМЕДЬЯРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері