Air Astana компаниясы Boeing компаниясымен 15 данаға дейінгі Boeing 787-9 Dreamliner әуе кемелерін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл — әуе компаниясының тарихындағы ең ірі тапсырыс. Келісім бес нақты расталған позицияны, бес опционды және бес сатып алу құқығын қамтиды.
Бұл тапсырыс 2026–2027 жылдары жеткізілуі жоспарланған үш Boeing 787-9 ұшағына қатысты бұрын жасалған келісімді толықтырады. Осылайша жалпы тапсырыс көлемі 18 әуе кемесіне жетті.
Жаңа ұшақтар 2032–2035 жылдар аралығында жеткізіледі. Құрамында қозғалтқыштар бар 18 Boeing 787-9 ұшағының жалпы каталогтық құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.
«Air Astana алдағы онжылдықта Орталық Азия мен Кавказдан Азияға, Еуропаға және әлемнің басқа да өңірлеріне әуе қатынасын кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Келесі жылы алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының жеткізілуі компания дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Dreamliner жолаушыларға жайлы салон, жанармай тиімділігі және әртүрлі қашықтықтағы бағыттарда тиімді пайдалану мүмкіндігін ұсынады. 18 ұшақтан тұратын парк жолаушыларымызға қызмет пен жайлылықтың жаңа деңгейін қамтамасыз етеді», – деді Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
Мәдени мұра қоры атынан осы маңызды «ірі келісіммен» құттықтаймыз!
Құрметпен,
Мәдени мұра қорының президенті,
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев
