Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Будапешт сахнасында – Қазақ ұлттық хореография академиясы

2025 жылғы 6–8 мамыр аралығында Академия оқушылары Торғын Лебен мен Әли Құсайынов Венгрия би университетінің 75 жылдығына арналған Будапешт би фестиваліне қатысты.

Будапешт ұлттық би театры сахнасындағы олардың өнер көрсетулерінен естелік сәттермен бөлісеміз.

Бағдарламада – Ференц Листтің «Махаббат армандары» музыкалық шығармасына қойылған концерттік нөмір (хореографиясы – Булат Аюханов), сондай-ақ Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінен па-де-де (хореографиясы – Мариус Петипа).

Жас дарындарды Академия жанындағы кәсіптік білім беру мектебінің директоры Светлана Кокшинова мен педагог Антон Луковкин дайындады.

Мәдени мұра қоры атынан «жарқырап келе жатқан жұлдыздарымызды» шын жүректен құттықтап, оларға жеңіл қадам мен шығармашылық табыс тілейміз!

Құрметпен,
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев
«Cultural Legacy Fund» қорының президенті.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған