Театрдағы «Астана Балет» өнер дәрістері жақсы дәстүрге айналуда — бұл көрермендерге спектакльді тек көрумен шектелмей, оны шынайы сезінуге мүмкіндік беретін ерекше кездесу форматы. Спектакль көрсетілімінен бұрын әрбір туынды көрермендерге күтпеген қырынан ашылады: музыка, хореография, сценография және тарихи контекст туралы терең әңгіме арқылы.
? 5 және 6 шілдеде сіздерді «Carmina Burana» балет-кантатасының премьералық қойылымына арналған эксклюзивті өнер дәрісіне шақырамыз — бұл ортағасырлық қолжазбалардың дауысы естілетін, тағдырлар, құмарлықтар және өмірдің салтанаты Карл Орфтың күшті музыкасында көрініс табатын туынды.
Бұл кеште сіздерді мыналар күтеді:
- Шақырылған сарапшының алдағы қойылымның көркемдік идеясын, хореография мен сценографияның ерекшеліктерін ашатын дәрісі.
- Сұрақтар қоюға болатын тірі әңгіме.
- Жеңіл фуршет: бір бокал просекко және тағамдар.
- «Carmina Burana» балет-кантатасының премьерасына арнайы таңдалған партердегі ең жақсы орындарға эксклюзивті билет ✨
«Астана Балет» театрының дирижері Элмар Бурибаев пен жетекші солист, өнертанушы Дилара Шомаева «Carmina Burana» балет-кантатасының көркемдік идеясын, хореография мен сценографияның ерекшеліктерін ашады. Сіздер осы аңызға айналған туындының таңғажайып жаралу тарихын, ортағасырлық қолжазбалардың Карл Орфтың музыкасында қалай жанды және хореографиялық өнерде қалай бейнеленгенін білесіздер.
Қойылыммен терең танысуға мүмкіндік беретін аз ғана адамдардың бірі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз ??
Орын саны шектеулі.
5 және 6 шілде | 17:00 Билеттерді брондау: +7 700 507 0600 немесе профильдің басындағы сілтеме арқылы.