Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Астанаға – балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп сыйлаймыз!

Астанаға – балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп сыйлаймыз!

Астана – бияевтіктер үшін ерекше қала, бұл – біздің үйіміз. Дәл осы жерде, бұрынғы Целиноградта, біз университетте достасып, кейін BI компаниясын құрдық. Осы қалада ер жеттік, отбасын құрдық, балаларымыз дүниеге келді.

BI компаниясының 30 жылдығына орай, акционерлермен бірге елордаға ең үлкен балалар музыкалық мектебін – BI ART өнер орталығын сыйлауға шешім қабылдадық.
Астанада соңғы жылдары жеке, ірі музыкалық мектептердің салынбағанын анықтадық. Көптеген балалар басқа мекемелер жанындағы шағын үйірмелерде ғана өнермен шұғылданады.

Біз 5000 шаршы метрлік орталықтың құрылысын бастап кеттік және бұл жобаға халықаралық деңгейдегі үздік мамандарды тартудамыз. Орталықты аптасына 1000-нан астам бала келіп оқитын болады.

Мұнда балалар музыка, хореография, актерлік шеберлік және бейнелеу өнерін үйренеді. Бұл тек оқу орны ғана емес, барлық шығармашыл жандар – суретшілер, музыканттар, актерлер үшін тартылыс нүктесіне айналады. Мұнда дыбыс жазу студиялары, актерлік шеберханалар, подкаст бөлмелері, коворкингтер мен арт-кафелер болады. Ал ата-аналар балалардың концерттеріне келіп, бірге қуана алады.

Құрылыс қызу жүріп жатыр, жыл соңына дейін аяқталады. BI ART орталығы Сығанақ көшесінің бойында, BI бас кеңсесінің жанында орналасады.

Туған күніңмен, сүйікті қаламыз!

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған