Бал-феерия «Жаңа жылдың сиқырлы симфониясы»
Театрдың керемет фойесінде музыка, жарық пен уақыт біртұтас сиқырлы симфонияға айналған ғажайып оқиға өмірге келеді.
Сіздерді өнердің Жаңа жыл кітапханасына саяхат күтеді, әр зал өзінің құпияларын сақтайды.
Мұнда сіз кездесесіз:
Леди Люмьер — жарық сақшысы,
Сағат шебері — сиқырлы уақыт ұстасы, құпия Импресарио, өнерді өз билігіне бағындыруды армандайды.
Бірақ сиқыр қауіпке ұшырағанда, тек балалар ғана үйлесімділікті қалпына келтіріп, шыршаны жандырып, Қараңғылыққа қарсы тұра алады!
Әр бала ертегіге толыққанды қатысушы болады:
Жаңа жыл сағатын қосып, Скрипка кілтін тауып, кейіпкерлермен бірге театрдың басты шыршасында шамдарды жақады!
Кішкентай қонақтарды жаңа жылдық сыйлықтар мен шоу кейіпкерлерімен қызықты фотозоналар күтеді.
Өзіңізге және балаларға нағыз Жаңа жыл ғажайып сыйлаңыз! ✨
Бағасы: 25 000 теңге
Бағаға 1 балалар билеті + 1 ересек қадағалаушы билеті және балаға сыйлық кіреді.
Билеттерді «Тикетон» сайтынан сатып алуға болады!
18, 20, 23, 25 және 28 желтоқсан
«Астана Опера» театры
