Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Елордалық әртістер өздерінің басты мерекесіне концерт арнайды

Қазан айының алғашқы күні бүкіл әлем Халықаралық музыка күнін атап өтеді. Бұл – «Астана Опера» әртістері үшін ерекше дата, осынау күні музыканттардың сахнадағы өнер көрсетуі тебіреніске және тыңдармандарға деген шынайы алғысқа толы болады. Кеште шығармашылық ұжым К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Скрипка. Төрт маусым» концертін таныстырады. Бұл өзінің ең басты кәсіби мерекесінде театрдың қосқан жарқын үлесі болмақ. 
Халықаралық музыка күні – өмірін орындаушылық өнерге арнаған барлық жан үшін маңызды күн. Елордалық шығармашылық ұжым үшін бұл мереке дәстүрлер сабақтастығының символына және академиялық сахнаның биік миссиясын еске салатын айтулы оқиғаға айналды. «Астана Операдағы» мерекелік концертке белгілі қазақстандық аспапшы музыканттар қатысады. Сонымен жеке партияларды театрдың бірінші скрипкасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен скрипкашы Әнел Шәкірова орындайды. «Астана Опера» камералық оркестрі Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді. 
– Музыка күні – өмірін өнерге қызмет етуге арнаған адам үшін, кез келген музыкант үшін айтулы дата. Бұл күні қоғам нұр мен ізгілік сыйлайтын осы күрделі, бірақ аса қажетті кәсіп иелеріне ерекше назар аударады, бұл мамандық адамның кім екенін және адам болу қандай мәнге ие екенін үздіксіз еске салып отырады, - деп атап өтті маэстро Абзал Мұхитдин. – «Астана Опера» театрында бұл мерекені жыл сайын концертпен атап өтеміз, биылғы күздің кешінде де осы дәстүрімізден таймаймыз. Біздер, музыканттар үшін бұл – қымбатты тыңдармандарымызбен кездесетін тебіреністі сәт, оларсыз мерекені атап өту мүмкін емес. Әріптестерімді, серіктестерімді, сондай-ақ біздің адал көрерменімізді осы керемет мереке – Музыка күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні театр өнерді бағалайтын жандарға ішекті аспаптардың шебер дыбыстауында жүзеге асқан музыкаға деген сүйіспеншіліктерін паш етеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары әлемдік классикадағы ең танымал сюжеттердің бірі – жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты үш түрлі пайымдауды ести алады. Бағдарламада Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» танымал барокко топтамасы, Астор Пьяццолланың аргентиналық тангоның жалынды ырғақтарына толы «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» және заманауи композитор Макс Рихтердің А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері» топтамасының рекомпозициясы шырқалады. Стильдер мен дәуірлердің мұндай қосындысы тыңдармандарға барокко үйлесімділігінен бастап бүгінгі күннің ырғақтарына дейін жүз жылдықтар бойы таныс бейнелерді қабылдау қалай өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді. 
Концерттің басталуы 19:00-де.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған