Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Қазақ ұлттық хореография академиясы Ұлттық домбыра күніне арналған челленджді қолдайды!

Белгілі ақын, жазушы Қадыр Мырза Әлі: «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!» деп бекер айтпаған. Бұл қанатты сөз әрбір қазақтың жүрегінен орын алып, ұлттық болмысымыздың ажырамас символына айналды.

Қасиетті қара домбыра – халқымыздың тарихын, мәдениетін, табиғатын қоңыр үнімен жеткізе білген киелі аспап. Оның үні дархан даламыздың кеңдігін, халқымыздың қонақжай мінезі мен бай рухани дүниесін паш етеді.

Күмбірлеген әр күй, әр әуен адам жанын тербетіп, ойға жетелейді, шабыт береді, рухты асқақтатады.

Домбыра – тек аспап емес, ұлттың үні, халықтың жаны.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған