Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Студенттік хор капелласының Италия, Рим қаласындағы концерттері

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Студенттік хор капелласы, “Италия Жұлдызы” орденінің иегері, дирижерлік магистрі Батыржан Смаковтың жетекшілігімен Италияның Рим қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

Хор Ежелгі Римнің тарихи сахналарында шабыттандыратын концерттер өткізді:
2025 жылғы 3 мамырдаChiesa Sacro Cuore di Gesù in Prati, Lungotevere Prati 12, Рим;
2025 жылғы 4 мамырдаTeatro Ghione, Via delle Fornaci 37, Рим;
2025 жылғы 7 мамырдаChiesa Santa Maria del Carmine alle Tre Cannelle, Via del Carmine 4, Рим;
2025 жылғы 8 мамырдаBasilica di Sant’Antonio in Laterano, Via Merulana 124, Рим.

Grande Steppa” атты ауқымды концерттік бағдарламада итальяндық композитор Лоренцо Перозидің “Missa Secundum in Onorem Beati Caroli” шығармасы, қазақстандық әйгілі композиторлар Ғазиза Жұбанова мен Еркеғали Рахмадиевтің туындылары, қазақ халық әндерінің заманауи өңдеулері орындалды.
Сонымен қатар, хор жетекшісі, контртенор Батыржан Смаков жеке шығармаларымен сахнаға шықты.

Концерттерге мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың арасында италиялық тыңдармандармен бірге Италияда тұратын, оқитын қазақтар, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі – әйгілі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де болды.
Концерттерге Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев, Ватикандағы Елші Тимур Примбетов, Қазақстанның Италиядағы дипломатиялық миссиясының қызметкерлері қатысты.

2025 жылғы 8 мамырдағы концерт Рим Папасының сайлануымен тұспа-тұс келіп, ерекше тарихи мәнге ие болды.

Көрермендер хордың жоғары кәсіби деңгейін, дыбыстық және тембрлік байлығын, күрделі репертуарды шебер орындауын, хормен берілген терең сезімді ерекше атап өтті. Концерт соңында хорды қайта-қайта сахнаға шақырып, зор қошемет көрсетті.

Батыржан Смаков жетекшілік еткен Студенттік хор капелласының концерттері мәдени алмасудың жарқын үлгісі болып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.

Хор жетекшісі, дирижерлік магистрі, “Италия Жұлдызы” орденінің иегері Батыржан Амандельдинұлы Смаков, “Дирижерлеу” кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы, доцент Гүлнара Болатқызы Аргинғазинова және капелла әншілері Рим қаласының ерекше рухын сезініп, Қазақстанның Италия, Мальта және Сан-Маринодағы Елшілігіне, Ватикандағы Елшілікке, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-ге, AIMART академиясының ректоры Эдда Сильвестри ханымға (Италия, Рим), гастрольге демеушілік көрсеткен Global Business Women Council және Solidcore Resources ұйымдарына алғыстарын білдірді.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған