Қазақстандық жетекші балет артисі Бахтияр Адамжан 6 қарашада Дубай операсында өтетін беделді «Roberto Bolle and Friends» гала-концертінде өнер көрсетеді, деп хабарлады «Астана Опера» баспасөз қызметі.
Театр мәліметінше, дубайлық көрермендер оның шеберлігімен бұрыннан таныс: 2023 және 2024 жылдардағы Біріккен Араб Әмірліктеріне гастрольдері кезінде Адамжан Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіндегі Щелкунчик ханзадасының партиясын орындап, жоғары бағаланған.

