Осы көктемгі кеште «Қазақконцерт» сахнасында Бетховен мен Штраустың жауһар классикалық туындылары шырқалады.
Маэстро Ерболат Ахмедьяровтың жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі әлемдік музыка мәдениетінің інжу-маржандарына айналған ұлы композиторлардың шығармаларын көрермен назарына ұсынады.
Концерттің солисі – Италиядан арнайы шақырылған әлемге әйгілі пианист Марко Скьяво. Карнеги-холлдан бастап Сидней операсына дейінгі сахналарда өнер көрсеткен музыканттың әрбір концерті нағыз музыкалық оқиғаға айналады.
Концерт бағдарламасында:
Л. ван Бетховен – №3 фортепианоға арналған концерт
И. Штраус – «Көктемгі әуендер»
И. Штраус – «Керемет көгілдір Дунайда»
И. Штраус – «Жарқанат» опереттасына увертюра
И. Штраус – «Трик-трак» полькасы
И. Штраус – «Радецкий маршы»
Тікелей, шабытты орындаудағы классикалық музыкаға ерекше әсер алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!