Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал қазақстандық хореограф, «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» концерті өтті.
🩰 Концерт бағдарламасында Анвара Садықованың Қазақстанның жетекші хореографиялық және театрлық ұжымдарының репертуарына енген таңдаулы қойылымдары ұсынылды. Сонымен қатар Морис Равельдің музыкасына қойылған «Замана жаңғырығы» («Эхо эпох») этно-балетінің тұсаукесері өтті.
🎼 Концертке Қазақстан мен Қырғызстанның өнер жұлдыздары қатысты: Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбеков, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлзада Рыскулова, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Сұлтанбек Ғұмар, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Динара Құдабаева, халықаралық байқаулардың лауреаты Көркем Шолошова, «GULDER» ансамблінің әртістері және Қазақ ұлттық хореографиясының студенттері.
❣️Шын жүректен Садықова Анвара Әріпқызын шығармашылық мерейтойымен құттықтаймыз!
Және де жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
