16 қаңтар күні Астанада Ұлттық «Халықтың сүйіктісі-2024» / «Народный любимец-2024» сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Елдегі ең танымал сыйлық 14-ші рет әртүрлі саладағы халықтың сүйікті тұлғаларын анықтады. «Жылдың мәдениет қайраткері» номинациясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген жеңімпаз атанды.
Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығында төртінші рет «Жылдың мәдениет қайраткері» атанды
Димаш бұл беделді марапатты төртінші рет иеленіп отыр. 2023 жылы ол «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинацияға лайық деп танылған еді.
Марапаттау рәсімінде мүсіншені Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев алды.
Димаш алғыс сөзін жеткізді:
«Халқымыздың, сүйікті жерлестерімнің менің шығармашылығыма деген ықыласы үшін шексіз алғысымды және құрметімді білдіремін. Үлкен рақмет, достар!
Бүгін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын алған барлық номинанттарды шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға амандық пен игілік тілеймін. Бастамаларымызды қолдайтын халқымыз әрдайым гүлдене берсін!»