Құрметті алматылықтар мен оңтүстік астанамыздың қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға өмірге, адамға және ғажап сезімдерге ғашық жандарды біріктіретін ерекше кешті ұсынамыз.
26 қазан күні сағат 19:00-де Concordia театрында “Mahabbat keshi” – “Вечер моей любви” атты концерт өтеді.
Сіздер қазақ және шетелдік орындаушылардың репертуарынан көркем әндерді тыңдай аласыздар: Батырхан Шүкенов, Дос-Мұқасан, Ермек Серкебаев, Стинг, Фрэнк Синатра және т.б.
Концертке қатысатындар:
-
Жасұлан Сыдыков, Жанибек Сейдахметов – Mezzo вокалдық тобының солистері;
-
Балуан Беркенов, Айдос Жабағин, Анжела Шагарова, Елена Никонова – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының солистері;
-
Әсел Қарсыбаева – X Factor финалисі, танымал эстрада әншісі;
-
Layla – қобыз (Ләйлә Тәжібаева) – электрокобыз және дәстүрлі қобызда өнер көрсететін белгілі орындаушы.
Музыкалық қойылымдарға Евгений Калистратов (басс-гитара) жетекшілік ететін әйгілі аспаптық бэнд сүйемел болады.
Біздің шарамыз жаңа жанрлар мен бағыттарға жол ашатын кілтке айналады: рок стиліндегі қобыз үні, джаз-бэнд сүйемелдеген қазақ классикасының жауһарлары, опера мен эстраданың үйлесімі.
Музыка – жанымыздың тереңіне саяхат, әр ән – буын мен дәуірді байланыстыратын көпір.
Сіздерді 26 қазан, 19:00 -де Concordia театрында күтеміз!
Құрметпен,
Мәдени мұра қорының елшісі, “Vocal concerts” шығармашылық бірлестігінің мүшесі
Абылай Рахымов