Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді

WhatsApp Image 2025 06 27 at 17.06.25Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайда В.Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындайды.

Қойылымдар 15,17 және 19 шілде күндері Бейжіңдегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді. Ал 8–10 тамыз аралығында әнші Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өнер көрсетеді.

Мария Мудряк 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде Ла Скала театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж.Верди атындағы консерваторияны тәмамдады. Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.

Әншінің Қытайға сапары – оның халықаралық мансабындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл гастрольдік сапарда қытайлық көрермен өнерпаздың қайталанбас зор дауысы мен актерлік шеберлігін тамашалай алады.

Оған жарқын қойылымдар тілеймін.

Құрметпен,
Мәдени мұра қорының президенті,
Импресарио
Эльбрус Имамбаев

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған