Жаңа орталық түркі халықтарының бай музыкалық мұрасын тереңінен зерттейтін, жүйелейтін және оны әлемге танытатын бірегей ғылыми-мәдени алаңға айналады.
💬 Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзінде: «Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, музыкатанушы, фольклортанушы Болат Ишанбайұлы Қарақұловтың есімін ұлықтаған бұл Орталық жас түркітанушы ғалымдар үшін білім мен тәжірибе алмасатын зияткерлік алаңға, олардың ғылыми ізденістерінің өзегіне айналары сөзсіз», деді.
Осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз және орталыққа жемісті де нәтижелі жұмыс атқаруды тілейміз! 🎉