Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Ер Тұран» музыкалық-би композициясы

«Ер Тұран» музыкалық-би композициясы – Ұлы Даланың жауынгерінің көркем бейнесі, түркі әлемінің ерлігі, ар-намысы мен рухани қуатының символы.

Хореография қазақ халық биінің элементтерін заманауи пластикамен үйлестіреді. Бұл – ұлттық бидегі жаңа бағыт, неоказах биі.

Айқын, қуатты қимылдар жауынгердің күші мен қайсарлығын бейнелесе, кең әрі жұмсақ қозғалыстар оның ішкі еркіндігін, табиғатқа деген құрметін және киелі дәстүрлерге адалдығын жеткізеді.

Би жинақы, ширыққан күйден салтанатты әрі асқақ финалға дейін дамып, рухтың жеңісін және ұлттық кодтың сақталуын бейнелейді.

«Ер Тұран»
Музыка: «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі
Хореография: Анвар Садыков
Орындаушы: «Gulder» ансамблінің әртісі Анель Жұмаділдина»

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған