Кездесуді «Астана Операда» белгілеңіз!
Л.Бетховен, И.С.Бах, И.Гайдн, В.А.Моцарт және Д.Хаубрихтың музыкасына «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балетіне шақыру – cезім білдірудің ең әдемі жолы.
Ұлы неміс композиторының өмірі мен тағдыры балетке арқау болды. Балетте ұлы кемеңгердің басынан кешкен қайғы-қасіреті мен салтанаты суреттеліп, оның өмірлік серіктеріне айналған Сырқат, Бейнет, Махаббат пен Шабыт жайлы сыр шертіледі.
📅 12, 13 және 14 ақпан
📍 «Астана Опера» театрының Үлкен залы
Өзіңізге әсемдік пен романтика кешін сыйлаңыз, себебі сіз оған лайықтысыз ✨
🎟 Билеттер сатылымда.

