Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Нота арқылы қасқырды қолға түсіру

19 қыркүйекте «Астана Операда» «Балаларға арналған классика» концерттер топтамасы қайтадан қолжетімді болады. Оны жаңа театр маусымында 90 жылға жуық уақыт бойы жас тыңдармандардың ең үздік музыкалық жол сілтеушісі болып келе жатқан туынды – Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» танымал симфониялық ертегісі ашады. Мұнда әр кейіпкердің өз дауысы бар: флейта кішкентай құстың, ал гобой үйректің дауыстарын келтіреді, айбарлы Қасқырдың ырылдаған дауысын валторна айнытпай салады. Осының барлығы жанды орындауда К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасынан естіледі. 

Дирижер тұғырына «Құрмет» орденінің кавалері маэстро Руслан Баймурзин көтеріледі. Оның басқаруымен «Астана Опера» камералық оркестрі С.Прокофьевтің партитурасын орындайды, ал оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі Қырғызстанның халық әртісі Сергей Матвеев көмектеседі. Ол музыкалық көріністер арасында ертегіні оқиды, нәтижесінде көрермендер нағыз театрлық көріністі тамашалайды. 

Ертегі мұнымен шектелмейді: оның басталуынан бұрын сахнаға музыкатанушы Сәуле Мәулетова шығады. Ол кішкентай көрермендер үшін шағын сергіту сәтін жүргізеді: кейіпкерлердің қандай аспаптарда ойнайтынын, кімнің кімді қолға түсіргісі келетінін және Петяның әні неліктен сондай сенімді естілетінін түсіндіреді. Бұл балалар әр үзіндіде не болып жатқанын анық түсіну үшін ертегіге жол ашатын өзіндік бір кілт іспетті болады.

Айта кетейік, концерт отбасымен келіп тамашалауға арналған және төрт-бес жастан асқан балалардың көруіне лайықталған. Сонымен қатар ол ересектерге де қызықты болады, өйткені олардың көбі осы ертегіні тыңдап өскен, ал енді оны Қазақстанның ең үздік оркестрлерінің бірінің орындауында ести алады.

Ертегінің басталуы 15:00-де. 

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған