Құрметті Достар!
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – егемен еліміздің жетістіктері мен жеңістерін айшықтайтын айтулы мереке.
Шын мәнінде, елордамыз еңсе тіктеген сайын еліміз ілгерілеп, абыройымыз асқақтай түсті. Астана Қазақ Еліміздін жүрегіне және Ұлтымыздың өрлеуге деген ұмтылысының айнымас нышанына айналды.
Сондай-ақ шаһар жаһандық мәселелер талқыланатын үлкен алаң ретінде толық қалыптасты. Оған әлем назар аударған ауқымды жиындардың Астанада тұрақты ұйымдастырылуы айқын дәлел.
Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – осы биіктен төмендемей, жаңа белестерді бағындыру.
Сол жолда жұдырықтай жұмыла білсек, көздеген мақсатымызға қол жеткізетініміз анық.
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Астанамыз жасай берсін!
Құрметпен,
Мәдени Мұра Қорының Президенті «Cultural Legacy Fund».
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев.