Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Astana Ballet сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының есеп беру концерті өтті

3–4 мамыр күндері Astana Ballet театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының дәстүрлі есеп беру концерті өтті. Бұл маңызды өнер кеші — жас бишілер үшін бір жыл бойғы тынымсыз еңбектің, ізденіс пен кәсіби дамудың нәтижесін көрсетуге арналған жауапты сәт болды.

Кеш барысында Академияның талантты тәрбиеленушілері әлемдік балет өнерінің жауһарларынан үзінділер орындап, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін паш етті. Жас әртістер сахнада шеберлікпен өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Концерт бағдарламасына Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінен па-де-де, Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінен гран па, Цезарь Пунидің «Конек-Горбунок» балетінен көрініс, Арам Хачатурянның «Гаянэ» балетінен үзінді, Лео Делибтің «Коппелия» балетінен вариациялар, А. Аданның «Корсар» балетінен па-де-труа, «Жизель» балетінен вариация және Фарид Яруллиннің «Шурале» балетінен татар биі енді.

 

Құрметпен,
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған