ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жырау, профессор, ұстазымыз Алмас Алматов - III дәрежелі Барыс орденімен марапатталды!
Жыраудың сөзі насихат,
Кешегі менен бүгінге.
Перделеп айтқан сөзімнің,
Қорабасы түбінде!
Қаз орнына қарғадай,
Біздер жеттік бүгінге.
Сулы жерде сүйрік бар,
Бәйгелі жерде жүйрік бар.
Алқалап келген әлеумет,
ЖЫРАУ ЖОҚ ДЕП ТҮҢІЛМЕ!
Қор атынан құтты болсын!

