Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне келіп, ұлттық өнер ұжымының ағымдағы жұмыстары мен шығармашылық бағыттағы жоспарларымен танысты.
Жұмыс барысында комитет басшысы берілген тапсырмаларға сәйкес ғимаратта жүргізіліп жатқан жеңіл жөндеу жұмыстарының барысын аралап көрді.
Ұлттық оркестрдің директоры Медет Ермекқалиұлы Ерлан Ерғазыұлына оркестрде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған жаңартулар жөнінде кеңінен ақпарат беріп, ғимараттың ішкі жеңіл жөндеу жұмыстарының барысын таныстырды. Ерлан Ерғазыұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұжымның алдағы шығармашылық жоспарларына сәттілік тіледі.
@dakenov_erlan
@medet.kuanyshev

