Сіздерді 5 және 6 шілде күндері «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында өтетін Джакомо Пуччинидің «Богема» операсына шақырамыз.
«Богема» — париждік жас суретшілер мен ақындардың сүйіспеншілік және достық хикаялары әсерлі баяндалатын Пуччинидің ең танымал операларының бірі.
Билеттер сатылымда.
Богемалық Париж атмосферасына бөленіп, «Астана Операның» дарынды әртістерінің орындауында Пуччинидің өшпес музыкасын тамсана тыңдау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар.