✨ Құрметті көрермен!
Сіздерді «BIRLIK» би ансамблінің
«Өмір қазына» атты жеке концертіне
шақырамыз.
🩰 Аталған қойылым сахналық би мен символикалық қимылдар арқылы қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесін және оның өмірдің әр кезеңіндегі мән-мағынасын терең философиялық тұрғыда зерделейді. Әртістер би арқылы басты кейіпкердің өмір жолы басталуынан мәңгілікке дейінгі кезеңді көрсетеді.
🎶 Концерттік қойылым «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің және «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен ұсынылады.
🌟«BIRLIK» ансамблінің көркемдік жетекшісі – «Шапағат» медалінің иегері Анель Марабаева.
💫 «Өмір қазына» би мен музыка арқылы әйел рөлі, ұрпақ сабақтастығы және адам өмірінің құндылығын сезіндіретін тұтас сахналық композиция. Қапы қалмаңыздар!
🗓️ 13 наурыз
⏰ 20:00
📍 QAZAQCONCERT, Мәңгілік ел 10/1
🎫 Билеттер ticketon.kz сайтында

