Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Сіздерді қазақ хореографиясының әлеміне бойлауға шақырамын

Бұл — әрбір қимыл жай ғана би емес, тұтас бір тарихқа айналатын әлем.

Ұлттық бидің философиясы қаншалықты терең екенін көпшілік біле бермейді: онда қазақ халқының шығу тегі, табиғаты, тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрі, қимыл мен дене пластикасы арқылы өрілген жазу бар.

Қазақ хореографиясы — мен ой мен сезімді жеткізетін тіл.
Оның мағынасын тереңірек түсіну үшін 4 ақпанда шеберлік сабағы өтеді. Анвара Ариповна мен ансамбль әртістері репертуар негізінде ұлттық бидің элементтері мен олардың мәнін түсіндіріп береді. Осы ерекше өнерді үйренгісі келетіндердің барлығына кіру тегін 🤍

🌷 1 наурызда «Flow / Aǵyn» атты үлкен концерт өтеді —
«Gúlder» ансамблінің педагогы әрі бас балетмейстері Анвара Ариповнаның авторлық жобасы. Ол 25 жылдан астам уақыт бойы қазақ хореографиясын дамытуға арнап келеді. Оның шығармашылығы мен педагогикалық қызметі қазақ биінің ел көлемінде өмір сүріп, дамуына бағытталған.

🌊 FLOW / AǴYN — бұл үздіксіз қозғалыс, сана ағымы мен ұлттық хореографияның дамуы туралы көркем ой-толғам, балетмейстердің авторлық стилі — неоказах хореографиясын паш ететін жоба.

Концерттік бағдарлама арқылы сіз қазақ биінің көпқырлылығы мен терең философиясын ашасыз.
Басты премьера — ансамбліміз үшін жаңа ағым саналатын этно-балет «Zaman jańǵyryǵy».

Ағымды сезініңіз.
Тамырды сезініңіз.
Биді сезініңіз.

Билеттер — профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы және ticketon.kz сайтында
@anvara_sadykova

@gulder_ensemble_1968

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған