Ақтөбеде ауқымды шығармашылық байқаудың финалы – "SANREMO JUNIOR KAZAKHSTAN 2025" өтті.
Өнер орталығы концерт залында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас орындаушылар 26 наурызда Италияда өтетін халықаралық балалар байқауында Қазақстанды таныстыру құқығы үшін сайысқа түсті.