29 маусым күні Балет кеші бағдарламасындағы Ресей мен Қытайдан шақырылған солистердің, сондай-ақ «Астана Опера» әртістерінің өнер көрсетуі хореография өнерінің жанкүйерлері үшін нағыз мереке болмақ.
Концерттің бірінші бөлімінде – хореографиясын танымал балетмейстер Валентино Цукетти қойған П.Чайковскийдің музыкасына Souvenir de Danse бір актілі балеті.
Спектакль Freedom фестивалінде Freedom Holding Corp. @fbroker.kz қолдауымен жүзеге асырылды.
Екінші бөлімде – классикалық, заманауи және ұлттық хореографияның ең жарқын нөмірлері.