Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Саргис Бажбеук-Меликян «Астана Опера» сахнасындағы «Евгений Онегинде» дебют жасайды

«Астана Операның» Үлкен залы сахнасында 31 қаңтар мен 1 ақпанда П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсы шырқалады. Симфониялық оркестрдің дирижер тұғырында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты маэстро Алан Бөрібаев.

 Бұл жолы князь Греминнің партиясы көпшіліктің ерекше назарын аударады: бас Саргис Бажбеук-Меликян үшін бұл опера классикасындағы ең беделді әрі көркем партиялардың біріндегі дебюті болмақ. Гремин – кемеліне келген, сабырлы, сом тұлға. Ол жары Татьянаның махаббаты мен қадір-қасиетін асқақтата жырлайды. Дәл осы партияны кезінде аңызға айналған сахна шеберлері орындаған.

- А.Пушкин «Евгений Онегинді» жазғанда менің кейіпкерімнің бейнесі белгілермен ғана көрсетілген, романда оның аты аталмай және кескіні егжей-тегжейлі суреттелмей, тек «ықпалды генерал» ретінде пайда болады. П.Чайковский оған Гремин есімін беріп, оны өз шығармасындағы негізгі кейіпкерлердің біріне айналдырды. Чайковский партитураны Италияның Сан-Ремо қаласында аяқтады. Мұнда әйелімен ажырасқаннан кейін келген композитордың жасы сол кезде 37-де еді. Бұл деректен біраз жайды аңғаруға болады: Греминнің музыкасында жасқа тән салмақтылықтан гөрі ішкі жинақылық, ар-намыс пен терең де жайлы сезім айқынырақ естіледі, - деп әңгімеледі Саргис Бажбеук-Меликян. – Греминнің партиясы көлемі жағынан шағын болғанымен, өте маңызды: оның ариясы операдағы ең танымал әрі сүйікті ариялардың бірі. Мен осыған дейін қалыптасқан дәстүрлерді сақтай отырып әрі музыканы шынайы бастан кешіріп, бұл бейнеде өз пайымдауымды табуға тырысамын. Көрермен осыны сезеді деген үміттемін, - деп қорытындылады әнші.

Түрлі күндері спектакльде театрдың жетекші солистері де өнер көрсетеді: Онегиннің партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев және Расул Жармағамбетов сахнаға шықса, Татьянаны есімі беделді әлемдік сахналарда, оның ішінде «Метрополитен-операда» аталып жүрген әнші Галина Чеплакова орындайды, келесі күні бұл партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова таныстырады. Ленскийдің бейнесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев пен Жан Тапин көрермендердің алдына шығады. Ольганың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Вицинская сомдайды. Спектакльге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев, Евгений Чайников, сондай-ақ Салтанат Мұратбекова, Елена Ганжа, Гүлжанат Сапақова, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов, Шыңғыс Расылхан мен Сұлтан Бақытжан қатысады.

«Астана Операдағы» «Евгений Онегин» қойылымы – танымал италиялық режиссер Давиде Ливермордың жұмысы. Оның спектаклі өмірдің талай белесінен өткен Татьянаның естеліктерінің ағыны іспетті өрбиді.

Театрдың техникалық мүмкіндіктері бұл идеяға кинематографиялық пішінге ие болуға мүмкіндік берсе, 3D-проекциялар жанды кеңістік сезімін туғызады. Көпшілік қатысатын сахналар ауқымдылығымен таңғалдырады, ал созылыңқы әрі жағымды естілетін хор құдды бір жанданған көріністің бөлшегіне айналғандай (бас хормейстер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов). Греминдік бал лайықты түрде спектакльдің көрнекі шарықтау шегінің бірі саналады. Мұнда әсіресе костюмдер бойынша суретшілер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың жұмысы айқын көрінеді.

«Астана Операның» орындауындағы «Евгений Онегин» Д.Хворостовский атындағы фестиваль аясында Ресейдің Красноярск қаласында таныстырылды, алайда спектакльдің туған сахнадағы әрбір көрсетілімі әрдайым айтулы оқиғаға айналады.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған