Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Бүгін редакция алқасының кезекті отырысында Қазақстан тарихының екінші томының қолжазбасын басып шығаруға әзірлеу үшін бекіттік.

Сондай-ақ әріптестерімізбен бірге Алтын Орда дәуіріне арналған үшінші томның мазмұнын талқыладық. Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев баяндама жасады. Академик Зиябек Қабылдиновтің, тарих ғылымдарының докторлары Бүркітбай Аяған мен Берекет Кәрібаевтің рецензиялары тыңдалды. Сондай-ақ Мұрат Әбдіров, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Кенжехан Матыжанов, Дихан Қамзабекұлы, Айдос Сарым, Ханкелді Әбжанов, Мәмбет Қойгелдиев, Меруерт Әбусейітова, Айгүл Сәдуақасова, Болат Көмеков, Ақан Оңғар, Жақсылық Сәбитов секілді редакция алқасының өзге мүшелері де өз ойын ортаға салды.
Жиын соңында редакциялық алқа үшінші томды жетілдіру жұмысын жалғастыру туралы және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның төртінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.

Ерлан Карин

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған