«Сириус–Қазақстан»: ел таланттарының жарқын болашағына негіз
Оңтүстік астанада дарынды балаларды қолдауға арналған «Сириус» білім беру орталығының филиалы салынатын болады. Бұл шешім I «Таланттар саммиті» барысында қабылданды. Іс-шара аясында мектеп жобасының тұсаукесері, шеберлік сабақтары, «Үлкен сын-қатерлер» байқауы жобаларының көрмесі, жетекші сарапшылардың дәрістері және «Достық музыкасы» атты ауқымды симфониялық концерт өтті.
Саммитке Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Сириус» федералдық аумағы Кеңесінің төрағасы, «Талант және табыс» қорының жетекшісі Елена Шмелева және өзге де танымал тұлғалар қатысты.
Мәдениет әлеміндегі бұл маңызды шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Д. Филатовтың басқаруындағы Орал жастар симфониялық оркестрінің концерті ашты. Өнерпаздар орыс және әлемдік классикалық музыканың жауһарларынан құралған жарқын бағдарламаны ұсынды. Бағдарламада Глинка, Чайковский, Рахманинов, Щедрин, Свиридов шығармалары орындалды.
«Сириус» құрылысының алғашқы тасын қалау рәсімі жас қазақстандық дарындар үшін маңызды оқиғаға айналып, олардың болашақ дамуына қолдау көрсетудің және жаңа мүмкіндіктерге жол ашудың белгісі болды.
Қоғамдық «Cultural Legacy Fund» қоры және Абылай Рахимов.


