Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER»ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешіне шақырады.
🌟 Кеш барысында көрермен назарына отандық балетмейстерлердің сахналауымен дайындалған жеке әрі топтық хореографиялық туындылар ұсынылады. Концерттің басты тақырыбы - еркіндік пен шабыттың символы, әртістің есімімен үндес құс бейнесі болмақ.
🎤 Іс-шараға танымал өнер жұлдыздары Раушан Оразбаева, Мақсат Медеубек, Әли Окапов, Мәди Рымбаев, Алибек Альмадиев, Айзат Қарабек, Айдан Қалжан, Венера Табыс, Айкерім Елемес және «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, сондай-ақ, «GULDER» ансамблі қатысады.
💫 Бұл концертте Аққанат Смағұлова тұңғыш рет бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа бағдарламасын ұсынады.
🩰 Аққанат Смағұлованың биіндегі шеберлік пен сезім тереңдігі көрерменді бейжай қалдырмайды. Ғажайып би кешін бірге тамашалайық!
🗓️ 19 қараша
⏰ 19:00
📍 QAZAQCONCERT, Мәңгілік ел 10/1
🎫 Билеттер Ticketon.kz сайтында

