Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

Cultural Legacy Fund қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен және Canon Kazakhstan компаниясының серіктестігімен «Қоғамға қызмет» атты ауқымды әлеуметтік фотожобаны іске қосады.

Жоба қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлеріне арналады. Біз фотосуреттер мен шынайы оқиғалар арқылы олардың кәсібилігін, адамгершілігін және ел алдындағы адал қызметін көрсетуге ниеттіміз.

Бұл жоба қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қызметтік борышын абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетуге бағытталған.

📍 Жобаның басталуы: 1 шілде
📍 Өтетін орны: Астана қаласы

📸 Жоба аясында әрбір қатысушы полиция қызметкерлерінің өмірімен жақынырақ танысып, олардың еңбегіне қолдау білдіре алады. Сондай-ақ баршаңызды «Жобаның үздік полиция қызметкері» номинациясы бойынша өтетін ашық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.

🤝 Сіздерді жобамызды қолдауға, фотокөрмеге келуге, жарияланымдармен бөлісуге және дауыс беруге шақырамыз.

Бірге қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандарға алғыс білдірейік!

Жоба авторы: Cultural Legacy Fund
Қолдау көрсеткен: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ресми серіктес: Canon Kazakhstan

#ҚоғамғаҚызмет #CulturalLegacyFund #ІІМ #ҚазақстанПолициясы #CanonKazakhstan #Астана #ӘлеуметтікЖоба #Сенім #Қауіпсіздік #БіздіңБатырлар #ҮздікПолицияҚызметкері #ДауысБеріңіз

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған