Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Академия студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге аттанады

2025 жылдың 25 сәуірінде Қазақ ұлттық хореография академиясында 2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде оқу үшін студенттерді іріктеуге арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Іріктеу нәтижелері бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға келесі студенттер мақұлданды:

Бейжің би академиясына (Бейжің, Қытай) жіберіледі:

  • Салауатов Бауыржан, «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті;

  • Струсинская Милана, «Хореография өнерінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Фредерик Шопен атындағы Музыка университетіне (Варшава, Польша) жіберіледі:

  • Иванова Полина, «Хореография өнерінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;

  • Төлепберген Бона, «Хореография өнерінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Біздің студенттерімізді іріктеуден сәтті өткендерімен шын жүректен құттықтаймыз және халықаралық білім кеңістігінде жарқын жетістіктер тілейміз!

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған