Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Тажибаева Акерке Джумадуллаевна

Тәжібаева Ақерке Жұмадұллақызы – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті.
1987 жылы 5 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында бірнеше жылдар бойы дәріс беріп, ұстаздық қызметін атқарған.
XXV-ші Республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты, VII-ші Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылар конкурсының, «Тәттімбет Қазанғапұлы» атындағы II-ші Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының, Республикалық «Асыл Мұра» дәстүрлі күй орындаушылар байқауының, I-ші Ықылас атындағы Республикалық қобызшылар конкурсының лауреаты. Сонымен қатар, халықаралық «Dede Korkut» фестивалі, ТМД мемлекеттерінің арасындағы II-ші жастар арасындағы «Дельфиялық ойындары» және «Altin Safran», «Uluslararasi Sivas asiklar» фестивалінің, «14. Uluslararasi, Altin saz odulu Karacaoglan asiklar» фестивальдерінің жеңімпазы. Ол Венгрия, Молдова, Германия, Австрия, Франция, Индия, Литва, Қытай, Оңтүстік Корей, Тәжікстан, Ресей, Қырғыстан, Болгария, Беларусия, АҚШ, Жапония, Иордания Хашимиттік Корольдігінде, Араб әмірлігінде, Испания Корольдігінде, Италия, Швейцария, Аргентина, Монако, Бельгия, Греция, Түркия, Швеция, Мексика, Канадада қобыз өнерін насихаттап, қазақ өнерінің дамуына өз үлесін қосып жүр.
2008-жылы қобыз күйлері мен Қазақстан композиторларының туындылары орындалған «Көктем» атты аспапты үнтаспасы жарыққа шыққан. «Бабалардан қалған асыл мұра - қыл қобыз» атты жобасымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантын иеленіп, 2009-жылы Қазақтың Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында Қазақ ССР-не Еңбек сіңірген өнер қайраткері, қобызшы Жаппас Қаламбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Мәңгілік қобыз сарыны» атты шығармашылық кешін өткізді. 2011 жылы Түркістан қаласының Мәдениет орталығында жеке концертін берді. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының концерттік залында «Төгіліп сарын қобыздан...» атты жеке кешін, 2015 жылы сол сахнада «Аралап қобыз үні кең әлемді...» атты жеке концертін өткізді.

Акерке Тажибаева Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Жеткен жетістігі мен қатысқан іс-шаралар тізімі:
-1993ж. – «Утренняя звезда» конкурсының 1 орын иегері (Кентау қ);
-1997 ж. – Хабар арнасы- «Ақерке» балалар бағдарламасының жүргізушісі;
-1999ж. – Халықаралық «5. Turk Cocuk Soleni» фестивалінің лауреаты (Түркия, Стамбул қ);
-2000ж – Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармония залында Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық қазақ ұлт-аспаптар оркестірінің сүйемелдеумен жеке қобызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындады (Алматы қ);
-2000ж. – Халықаралық «Fomget» фестивалінің 1 орын иегері (Түркия, Анталия қ.)
-2000ж. – Халықаралық «23Nisan» фестивалінің 1 орын иегері (Түркия, Анкара қ.)
-2000ж. – Түркия Республикасының президент Сүлейман Демирелмен кездесті;
-2001ж. – Түркістан қаласының Мәдениет Орталағында «Қасиетті Түркістан – туған жерім» атты жеке кешін өткізді;
-2001ж. – Халықаралық «Dede Korkut» фестивалінің Гран-При иегері, (Түркия, Байбұрт қ);
-2001ж. – Республикалық «Балақай» радиофестивалінің «аспапта ойнау» жаныры бойынша 1-ші жүлдені иемденді (Алматы қ);
-2001ж. – «Айгөлек -2001» Республикалық фестивалінің Гала концертіне өнер көрсетті (Астана қ);
-2001ж. – «Гүлнафиз Баязитова» атындағы 1-ші қалалық конкурс-фестивалінің дипломанты;
-2002ж. – Түркістан қаласының Мәдениет орталығында «Қобызым – жан серігім» атты жеке концерті өтті;
-2002ж. – Республикалық «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған журналдың тілшісі;
-2002ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында өткен «Восходящие звезды – 2002» атты халықаралық жаздық музыка академисының түгел курсын аяқтағаны үшін ректор, профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі Жания Аубакирова- Сертификат ұсынды;
-2002ж. – Халықаралық «Kaledu Karalyste» конкурсының 3-ші жүлдегері (Литва, Каунас қ);
-2002ж. – «Қазақстан Zaman» халықаралық газеті ұйымдастырған балалар шығармашылығының «Мөлдір бұлақ» фестиваліне белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды (Алматы қ);
-2002ж. – Түркістан қаласында өткен Дүниежүзілік қазақтардың II-ші құрылтайын өткізуде мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, орындаушылық шеберлік үшін қалалық әкімшіліктен алғыс хат ұсынылды;
-2003ж. – «Қоңыр» атты қобызшылар ансамбілінің мүшесі;
-2003ж. – «Altin Safran» халықаралық фестивалінің лауреаты (Түркия, Сафранболу қ);
-2003ж. – «Жас даурен» телевизиялық конкурстың 1 орын иегері (Алматы қ);
-2004ж. – XXV-ші Республикалық жас орындаушылар конкурсының қыл-қобыз номинациясы бойынша 2 орын және 3 жылдық оқу грантымен марапатталды (Алматы қ);
-2004ж. – «Ақ желкен» фольклорлық ансамбілінің жеке қобызшысы;
-2004ж. – Сафранболу қаласының мэрі Нихат Жебежінің шақыруымен «Altin Safran» халықаралық фестивалінің аясында қонақ ретінде өз концертін өткізді (Түркия);
-2004ж. – Түркияның бұрынғы мәдениет министірі, Ахмет Яссауи университетінің ректоры Н.Кемал Зейбек мырзаның шақыруы бойынша, Түркияның Анкара қаласында түрік халық музыкасынан дәріс алды;
-2004ж. – СНГ мемлекеттерінің арасындағы II-ші жастар арасындағы «Дельфиялық ойындар» атты фестивалінің дипломанты (Молдова, Кишинев);
-2004ж. – «Тәттімбет Қазанғапұлы» атындағы II-ші Республикалық халық аспаптар орындаушылар конкурсының 2 орын иегері (Қарағанды қ);
-2005ж. – Буддапешт, Қарсақ қалаларының концерттік залдарында өз өнерін көрсетті (Мажарыстан);
-2005ж. – Республикалық «Асыл Мұра» дәстүрлі күй орындаушылар байқауының 2 орын иегері (Алматы қ);
-2005ж. – «Қасиетті шекара күзетінде» атты III- Республикалық байқаудың 2 орын иегері (Алматы қ)
-2006ж. – Түркия елінің Кайсери қаласында өзінің жеке концертін берді;
-2006ж. – Kanal-7, TRT, ART, GRT теле-арналарының тікелей эфирлеріне шақырылды (Түркия, Анкара қ);
-2006ж. –Жастар Федерациясының төрағасы Осман Гекчектің шақыруы бойынша «Ходжа Тепе» Мәдениет орталығында жеке концертін берді (Түркия, Анкара қ);
-2006ж. – «Erciyes» университетінің ректорының шақыруы бойынша, «Genclik Bahar Senligi» жастар мерекесінде жеке концертін берді, (Түркия, Кайсери қ);
-2006ж. – «Miliyetci Hareket» партиясының төрағасы Ихсан Барутчу мырзаның шақыруы бойынша өз концертін өткізді (Түркия, Стамбул қ);
-2006ж. – Құрманғазы атындағы VI-ші Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының «Қыл қобыз» номенациясы бойынша дипломант атанып, Тілеп Аспантайұлы атындағы арнайы сыймен марапатталды (Астана қ);
-2006ж. – «Қазақстан», «Тан», «Рахат», «31 канал» теле-арналарында «Сезім» атты шығармаға түсірілген бейне баянның тұсау кесері өтті;
-2007ж. – Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының оркестірімен бірге гастрольдік сапармен Қытайға барып қайтты (Үрімжі қ);
-2007ж. – Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Тәуелсіздік ұрпақ- туған елге» атты V-ші республикалық жастар форумына қатысып арнайы сыймен марапатталды;
-2007ж. – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 16 жылдық мерей тойына орай, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұжымы атынан ерен еңбегі үшін алғыс хатпен марапаталды;
-2008ж. – ҚР-ның Туризм және спорт министірлігінің шақырылуымен Германия елінде өткен Халықаралық туризм көрмесінің аясындағы концертте өнер көрсетті (Штудгард қ);
-2008ж. – «China Outbound Travels tourism market» атты халықаралық туризм көрмесінің аясында өткен концертте өз өнерін көрсетті (Қытай, Бейжін қ);
-2008ж. – ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министірлігінің және «Қазақ Әуендері» акционерлік корпорациясының шақыруымен Ақ Ордада, ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Д.Медьведевтің алдында өз өнерін көрсетті, Астана қ;
-2008ж. – Польша- Қазақстандық қарым қатынастармен достығының нығаюымен, екі елдің мәдени шараларына өзіндік үлесін қосқаны үшін, Қазақстандағы Польша елшілігінің атынан алғыс хат берілді;
-2008ж. – «Raim Music Records 2008» Қазақстан территориясындағы арнайы дистрибьютор Меломан компаниясы Ақеркенің «Көктем» атты алғашқы аспаптық альбомын жарыққа шығарды;
-2008ж. – Құрманғазы» атындағы VІІ-ші республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының 3 орын иегері;
-2008ж. – «The 21 st Korea World Travel Fair» атты халықаралық туризм көрмесінің асында өткен концертте Қазақстан атынан өз өнерін көрсетті (Корей, Сеул);
-2008ж. – Түрік елінің «Kanal 7» теле-арнасынындағы «Fuar Dunyasi» (көрме әлемі) атты бағдарламаның теле-жүргізушісі;
-2008ж. – «Ықылас» атындағы І-ші Республикалық қобызшылар байқауының 2 орын иегері (Тараз қ);
-2008ж. – ҚР-нің мәдениет және ақпарат министірлігінің және «Қазақ Әуендері» акционерлік корпорациясының шақырылуымен Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде өткен Қазақстан Республикасының Мәдени күндеріне арналған концерттерге қатысты;
-2009ж. – «Жас Жұлдыздар Жанары» қайырымдылық концертіне қатысқаны үшін Қазақ Экономика және Менеджмент институтының алғыс хатымен марапатталды;
-2009ж. – Музыка өнері саласындағы «Бабалардан қалған асыл мұра – қыл қобыз» шығармашылық жобасы үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры грантының иегері атанады;
-2009ж. – Қазақ Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармония залында Қазақ ССР-не Еңбек сіңірген өнер қайраткері, қобызшы Жаппас Қаламбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Мәңгілік қобыз сарыны» атты жеке шығармашылық кешін өткізді (Алматы қ);
-2009ж. – «Мәдениет және білім: жас ұрпақтың болашаққа және келелі мәселелерге көзқарасы» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми-тәжірибелік материалдар жинағында Ақеркенің «Тіл тағдырының өнермен байланысы» атты ғылыми-тәжірибелік материалы, басылып шықты;
-2009ж. – Атамекен» қазақ қауымдастығының 15 жылдық мерей тойына арналған концертке арнайы шақыруымен барып қайтты (Ресей, Санк-Петербург қ);
-2009ж. – «Turksoy» басшысы Қорабайұлы Дүйсен Қайсенов мырзаның шақыруы бойынша консерваторияның студенттік оркестірімен жеке орындауда Түркия елінің Амасия, Анкара, Амасра, Сафранболу, Карабүйук, Стамбұл қалаларында өткен концерттерге белсенді қатысқаны үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды;
-2009ж. – «Эйр Астана» ұшақтарының арнайы коталогтарында шығу және ұшақ радиосында «Көктем» атты аспаптық үнтаспа жинағы орындалу жөнінде «Air Astana» әуе компаниясымен келісім шартқа отырды;
-2009ж. – «Dialog avraziya» платформасының жанынан ашылған, «Da» журналының редакторы Мәлік Отарбаев бастаған Жастар платформасының мүшесі ретінде Түркия еліне барып қайтты (Түркия, Измит қ, Бурса қ, Ялова қ, Стамбұл қ);
-2009ж. – Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» халықтық Демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігі атынан алғыс хат ұсынылды;
-2009ж. – ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министірлігінің және «Қазақ Әуендері» акционерлік корпорациясының шақыруымен Иордан Хашимиттік Корольдігінде өткен Қазақстан Республикасының Мәдени күндеріне арналған концерттік бағдарламаларға қатысты (Иордания, Амман қ);
-2009ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен Орган залында өткен Білім күніне арналған мерекелік концертке қатысты;
-2009ж. – Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің қоры ұйымдастырған «Дарындарға ғасыр бас иеді» шығармашық жастардың фестиваліне қатысты (Алматы қ);
-2009ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Үлкен Орган залында өткен «Даламның дауысы» абонименттік қазақ халық музыкасының концерттік кешінде өз өнерін көрсетті;
-2009ж. – Қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен Астана алаңында Жаңа жылға арналған концерттік бағдарламаға қатысты;
-2010ж. – LaSpeedo компаниясының ұйымдастыруымен Халықаралық 8 наурыз әйелдер мерекесіне арналған мерекелік кешке қатысты;
-2010ж. – Республикасы тұңғыш президентінің қорының лауреаттарымен грант иегерлерінің концерттік кешіне қатысты;
-2010ж. – Астана қаласының Конгресс холында ҚР-ның прьемер министірдің қатысуымен өткен Құрманғазы Қазақ ұлттық консерваториясы жеке орындаушылары және шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуімен өткен концертті жүргізіп, халық күйі «Аққуды» орындады;
-2010ж. – Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармония залында өткен Тахир Ибрагимовтың еске алу кешіне арналған I-ші Халықаралық джаз фестиваліне мемлекеттік Projazz ансамілінің сүйемелдеуімен, ансамбілдің жетекшісі Яков Кханның «Сюитасын» орындады;
-2010ж. – «Willkommen in Berlin» дипломатиялық клубтың мүшелеріне арналған концерке қатысып, «Аққу» халық күйін орындады (Алматы қ);
-2010ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Үлкен Орган залында өткен Гете-Институттының ұйымдастыруымен Andro Mega Express Orchestra (AMEO) жас неміс ансамбілінің масстер класына қатысып, халық күйі «Аққу» және Ықыластың «Жез киік» күйін орындады;
-2010ж. – Республикалық «Балапан» балалар телеарнасында көрсетілген «Ән салайық» бағдарламасының жүргізушісі;
-2010ж. – Қазақ Ұлттық Құрманғазы консерваториясының халық аспаптар оркестірдің құрамында, «Бабалар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамбілінің мүшесі ретінде Германияда өткен өткен концерттік бағдарламаларға қатысты (Бонн қ, Берлин қ және Гамбург қ);
-2010ж. – Түркия мәдениет және туризм министірлігі ұйымдастырған «5». Uluslararası. Sivas aşıklar» фестиваліне қатысты (Түркия, Сивас қ);
-2011ж. – Түркістан қаласының Мәдениет Сарайында «Мәңгілік қобыз сарыны» атты жеке концертін берді;
-2011ж. – Араб әмірлігінде өткен Концертті бағдарламаға қатысты (Дубай, Аль-Айн, Абу Даби қ);
-2011ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымымен Шымкент, Тараз, Қызылорда, Семей, Өскемен қалаларында өткен концерттке белсене қатысып, мастер класс сабақтарын өткізді;
-2011ж. – Алматы қаласы, Қарасай ауданында Астана күніне арналған мерекелік концерттерге қатысты;
-2011ж. – Туркия елінің мәдениет және туризм министірлігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Uluslar arasi 14. Altın saz ödülü Karacaoğlan aşiklar » фестиваліне қатысып лауреат атанды (Түркия, Дүзичі/Османие қ);
-2011ж. – Қазақстан орталық концерт залында өткен ҚР-ның Тәуелсіздігіне 20 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Гала-концертінде өз өнерін көрсетті (Астана қ);
-2012ж. – Мин Он» мәдениет орталығында қазақ жастарының концерттік кешінде өз өнер көрсетті (Жапония елінің Токио қ);
-2012ж. – Елбасының қатысуымен өткен IV Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлері Съезінің үлкен концерттік кешінде өз өнерін көрсетті (Астана қ);
-2012ж. – Америка құрама штатының Техас штатында өткен «Silk Road» халықаралық фестиваліне қатысып, Техас штатының «Құрметті азаматы» атағын алды (АҚШ, Хюстон қ);
-2012ж. – Анкара қаласында ҚР-ның Президентінің Түркияға ресми сапары барысында резеденцияда ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдуллах Гюлдің қатысуымен өткен кеште «Ala Turka» түрік ансамбілімен өз өнерін көрсетті (Түркия, Анкара қ);
-2012ж. – Республика сарайында өткен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Гала-концертінде жеке орындауда өз өнерін көрсетті (Алматы қ);
-2013ж. – Халықаралық «Fitur» туризм көрмесінің аясында өткен концертте өз өнерін көрсетті (Испания, Мадрид қ);
-2013ж. – Италияда өткен Қазақстанның мәдени күндерінде өз өнерін халыққа паш еті (Италия, Рим, Милан, Турин қ);
-2013ж. – Қытай елінің 15 ауданында белгілі әнші Қайрат Нуртаспен бірігіп жеке концерттерін берді;
-2013ж. –Халықаралық «ITE - 2013» туризм көрмесінің аясында өткен фестивальде өз өнерін паш етті (Қытай, Гонконг қ);
-2013ж. – 25 қазан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының қорының концерттік залында «Төгіліп сарын қобыздан...» атты жеке концертін өткізді (Алматы қ);
-2013ж. – 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеште өз өнерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының Макао және Гонконгтегі жауапты өкілінен алғыс хат алды (Қытай, Гонконг қ);
-2014ж. – Халықаралық «ITB-2014» туризм көрмесінің аясында өткен концертте өз өнерін көрсетті (Германия, Берлин қ);
-2014ж. –Ленинградтағы қазақстандық Студенттер мен аспиранттар қоғамының, «Арай» ансамбілінің 50 жылдық мерей тойы, "Ата-Мекен" Санкт-Петербург және Лининград облысының қазақстандық қоғамының 25 жылдығы және «Достар» Қазақ қоғамдастығы жастар қанатының 7 жылдық мерей тойына арналған концетте өз өнерін паш етті (Ресей, Санкт-Петербург қ);
-2014ж. – Аргентиналық аңыз пианисті Марта Аргерихтің ұйымдастыруымен өткен «Progetto Martha Argerich» атты халықаралық фестивалінде А.Райымқұлованың фортепианомен халық аспаптарға арналған "Bridges of Times" атты шығармасын Қазақстаннан барған музыканттармен бірлесіп орындады (Швейцария, Лугано қ);
-2014ж. – ҚХР-ның Бейжің қаласында өткен «World Tourism Cities Federation» халықаралық туризм көрмесінің шеңберінде өткен концерттік бағдарламаға қатысты (Қытай, Бейжің қ);
-2014ж. – Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы ұымдастырған Ғабдулла Тукай атындағы Татар мемлекеттік филармониясында өткен «Түрік әлемі өнерінің шеберлері» атты концертіне еліміздің атынан қатысты (Татарстан, Қазан қ);
-2014ж. – Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерей тойына арналған мерекелік концертіне қатысты (Грекия, Афина қ);
-2015ж. – Ақпан айында Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайының концерттік залында өткен «Атадан мұра» республикалық байқауында қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты;
-2015ж. – Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен ЮНЕСКО-дағы түркітілдес елдердің тұрақты өкілдерінің ұйымдастыруымен ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік концертте өз өнерін көрсетті (Франция, Париж қ);
-2015ж. – Германияда өткен Наурыз мерекесіне арналған концертте еліміздің атынан өнер көрсетті (Германия, Кельн, Вена қ);
-2015ж. – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Мажарстан өкілдерінің «Алтайдан Дунайға дейін» атты экспедициясының барысында Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан және ҚР Премьер-Министрі Кәрім Масимовтың қатысуымен өткен концертке қатысып, өз өнерін көрсетті (Астана қ);
-2015ж. – Сәуір айында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында оқу орындары арасында өткен Кіші Олимпиадада қазылар алқасында мүшелік етті;
-2015ж. – Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға алғашқы ресми сапарының барысында Ақ Ордада өткен концертке қатысты;
-2015ж. – Қазақстан Жазушылар одағының концерттік залында өткен Ұлы отан соғысының 70 жылдығына арналған «Ерлігі –елге мұра» республикалық байқауында қазылар алқасы ретінде төрелік етті (Алматы қ);
-2015ж. – Үндістанда Халықаралық Туризм көрмесінің аясында өткен концерттік бағдарламада өз өнерін көрсетті (Үндістан, Бангалор қ);
-2015ж. – Қазақстан Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры залында Түркі әлемінің 5 елінің танымал музыканттарының қатысуымен өткен «Аралап қобыз үні кең әлемді...» атты жеке шығармашылық кешін өткізді (Алматы қ);
-2015ж. – Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының үлкен залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты велончельші Салауат Карибаевпен бірге «Музыкальный вернисаж» атты шығармашылық кешін өткізді (Алматы қ);
-2015ж. – Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің шақыруымен ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертті ұйымдастырып, өз өнерін көрсетті (Италия, Рим қ);
-2015ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыка факультетінің 70-жылдығына арналған гала концертте өз өнерін көрсетті;
-2016ж. – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен түркі тілдес елдердің өнерпаздары бас қосқан «Мелодия друзей» («Достар әуені») атты концертте ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті (Алматы қ);
-2016ж. –Біріккен Ұлттар ұйымының штаб пəтерінде өткен Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттік кеште өз өнерін көрсетті (АҚШ, Нью-Йорк қ);
-2016ж. – "Түрксой" халықаралық ұйымының шақыруымен түркі əлемінің музыканттарының қатысуымен өткен концертке қатысты (АҚШ, Вашингтон қ);
-2016ж. – Отар станциясында өткен "Əскери халықаралық ойындар-2016" мерекелік салтанатты ашылу рəсімінде өз өнерін көрсетті;
-2016ж. – Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласындағы "Yunus Emre" атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан –Түркия достық әуендері» концертінде қобызымен өнер көрсетті;
-2016ж. – Халықаралық «Turkic Culture Festival» фестиваліне елдің атынан өнер көрсетті (Корей, Сеул қ);
-2016ж. – Абай атаныдағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ҚР-ның Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры ұйымдастыруымен өткен концертте Эстрада-симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен Rolf Lovlandтың "Song from the Secret Garden" шығармасын орындап шықты (Алматы қ);
-2016ж. – Еліміздің 25- жылдық тəуелсіздігіне орай Халықаралық Түрксой ұйымы ұйымдастырған концертте Ақерке қобызшылар квартетімен "Жез киік" күйін орындады (Алматы қ);
-2016ж. – Республикалық сарайда өткен "Аналарға құрмет"атты концертте "Анаға сағыныш"деген шығармасымен өз өнерін көрсетті (Алматыда қ);
-2016ж. – ҚР-ның Мексика Құрама штаттарындағы елшілігінің шақыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай Қазақстан және Мексика арасындағы қарым-қатынастарының тарихында алғаш рет өткізілген мерекелік концерттерге қатысып, өз өнерін көрсетті (Мексика, Мехико қ) ;
-2016ж. – Испания Корольдігіндегі ҚР-ның елшілігінің шақыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай ұйымдастырылған концерттік шарада өз өнерін көрсетті (Испания, Мадрид қ);
-2017ж. – «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала дарыны» телевизиялық байқауында қазылар алқасының мүшесі ретінде төрешілік етті (Алматы қ);\
-2017ж. – «Атадан Мұра» халықаралық байқауының әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде төрешілік етті (Бурабай);
-2017ж. – «Көктем шуағы» атты әйелдер қауымымен өтетін Ақ Ордадағы Елбасының құттықтау кездесуінде болды;
-2017ж. – «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының солисті ретінде Италияда өткен концерттерде өз өнерін көрсетті ( Италия, Лекко және Эзино ларио қ);
-2017ж. – Астана күніне арналған Елбасының қатысуымен өткен «Астана от истоков к современности» атты кеште өз өнерін көрсетті (Астана қ);
-2017ж. – Халықаралық мамандандырылған Экспо көрмесіне орай ұйымдастырылған Этно аул сахнасында өткен бірнеше концерттік кештерде өз өнерін көрсетті;
-2017ж. – Халықаралық мамандандырылған Экспо көрмесінде Мексика Құрама штаттарының ұлттық күніне ұйымдастырылған концертте өз өнерін көрсетті;
-2018ж. – «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған «Шабыт» Республикалық байқауында әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде төрешілік етті;
-2018ж. – Түркияның Анкара Этимескутта өткен «Uluslararasi Anadolu Gunleri Kultur ve Sanat Festivali» фестивалінде Қазақстан атынан өз өнерін көрсетіп, Бигадич қаласында өткен концертке қатысты;
-2018ж. – Аргентинада өткен «Voces y Sonidos: Herencia Cultural Turquica en Argentina» атты концертке Қазақстан атынан қатысып, өз өнерін көрсетті (Аргентина, Буэнос-Айрес қ);
-2018ж. – «Алаш үміті» II Халықаралық рухани жаңғыру фестивалінің әділқазылар алқасыны мүшесі ретінде төрешілік етті (Түркістан қ);
-2018ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Монако Княздігінде өткен концертте елді өнерімен тәнті етті (Монако, Монте-Карло қ);
-2018ж. – Италияда өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткізген концерттік бағдарламада өнер көрсетті (Италия, Рим қ);
-2019ж. –Түркияның астанасы Анкарада, Бельгияның астанасы Брюссельде, Германияның астанасы Берлинде Наурыз мерекесіне орай «Turksoy» халықаралық ұйымы ұйымдастырған халықаралық концертте Қазақстанның атынан өнер көрсетті;
-2019ж. –АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өткен ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған концертте өз өнерін көрсетті;
-2019ж. –Канаданың астанасы Оттаваға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған концертте өз өнерін көрсетті;
-2020ж. – «Менің әлемім» атты аспапты шығармаға бейнебаяны түсіріліп, телеарналарда жарияланды;
2020ж. – Қазақстан ұлттық телеарнасында «Менің әлемім» атты бейнебаянының тұсау кесері өтті;
-2020ж. – Абай каналының «Мәңгілік мұра» жобасы үшін арнайы Ықылас
Дүкенұлының «Жез киік» күйіне Бурабай жерінде жеке бейнебаян түсірілді;
-2020ж. –ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Аналар күніне арналған флешмобына қатысып, жетігенші Венера табыс екеуі бірігіп Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әніне бейнебаян түсірді;
-2020ж. – «Домбыра» каналының түсірілімдеріне қатысып, 10 күй орындап, каналдың алтын қорына енді;
-2020ж. – «Жұлдыз ТВ» телеарнасының Наурыз мерекесіне арналған түсіріліміне қатысып өз өнерін көрсетті;
-2020ж. – «Қазақтелеком» АҚ мен ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Карантиндегі жұлдыз» жобасына қатысып, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқалимен бірге концерт берді;
-2020ж. – «Хабар» агенттігі түсірген Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы айналасында «Абай музыкалық мұрасы» атты онлайн концертінде «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының Халық қазынасы бөлімінің солисті ретінде өз өнерін көрсетті;
-2020ж. – «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы мен Отандастар қоры бірлесіп ұйымдастырылған Отандастар каналы түсірген «Қазағым-ай» атты онлайн концертінде өнер көрсетті;
-2020ж. – «Хабар» агенттігі түсірген «Қазақконцерт әлемі: Бізге 60 жыл» атты бенефиске қатысты;
-2020ж. – «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Қазақ өнерінің қайнары» атты онлайн концертіне қатысты;
-2020ж. – ҚР-ның Конституция күніне арналған «Ата заң – арқауым» атты «Хабар» агенттігі түсірген онлайн концертінде өнер көрсетті;
-2021ж. –Rumol’ kids brand Отандық брендімен бірлесіп, коллекциялардың авторы ретінде Ақеркенің қызының атымен аттас «Айкөркем» 2021 көктемдік және жаздық топтамасының тұсау кесерін өткізді;
-2021ж. – Қырғызстан елінің Бишкек қаласында өткен «Сармерден» қыз-жігіт жарысына Қазақстан атынан бірнеше өнер майталмандарымен бірге жалғыз қобызшы қыз ретінде қатысты;
-2021ж. - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесу кешіне арналған концертте өз өнерін көрсеті;
-2021ж. - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесу кешіне арналған концертінде өнерін көрсетті;
-2021 ж. Түркия елінің Эдирне, Текирдақ қалаларында өткен Түркі әлемінің ұлы тұлғалары Юнус Эмренің 700 жылдық мерей тойымен Низами Гянджевинің 880 жылдық мерей тойларына арналған концерттеріне қатысып, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан талантты музыканттарымен бірге «Sevgili Canan», «Nice bir uyursun», «Ilim ilim, bilmektir» атты шығармаларды Тракия университетінің симфониялық оркестірінің сүйемелдеумен орындап шықты;
-2021 ж.Түркияның Бурса қаласының Ататүрік мәдени орталығында, Түрксой халықаралық ұйымының шақыруымен өткен «Turk Dunyasi Saheserleri Konseri» атты концертте Бурса симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті;
-2021ж. Түркияның Анталия қаласында өткен Юнус Эмренің 700 жылдық мерей тойымен Низами Гянджевинің 880 жылдық мерей тойларына арналған концерттерінде Анталия симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен Хабибулла Сейтековтың «Yunus Emre Manevi babamiz» атты жаңа туындысын орындап шықты;
-2021 ж. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен «Jastar Otanga!» сыйлығының марапаттау рәсімінде өнер көрсетті;
-2022 ж. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Шымкент қаласынының «Әль-Фара би алаңында және Этно-ауылда өткен бірнеше концерттерге қатысып, өз өнерін көрсетті;
-2022 ж. Халықаралық Музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Жұлдызды гид» шарасына қатысып, алғаш рет гид ретінде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» залын халыққа таныстырып, мерекелік концертте қобызымен өнер көрсетті;
-2022 ж. «Нұр-Әлем энергиясы» болашақ музейінде өткен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, танымал топтамашы Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің слтанатты ашылу рәсімінде өнер көрсетті;
-2022 ж. «Дос болайық бәріміз» атты Республикалық ретро балалар әндері фетивалінде кішкентай өнерпаздармен бірге қосылып өнер көрсетті;
-2022 ж. Кеңестік рок-музыкант, әнші, сазгер, «Кино» тобының жетекшісі Виктор Цойдың 60 жылдығына орай Ақерке өз инстаграм парақшасында В.Цойдың «Группа крови» әніне кавер орындағанын жүктеп, ары қарай түрлі әлемдік және отандық орындаушылардың танымал әндеріне каверлерді жасап, еліміздің көрнекті жерлері Бурабай, Шарын шатқалы, Көлсай, ,Түркістан, Қапшағайда, Мысыр мен Түркия елдерінде видеолар түсіріп әлеуметтік желілерге жүктей бастады;
-2022 ж. Астана қаласындағы Экспо алаңында өткен Expo Melodies жобасының жабылу концертіне қатысты;
-2022 ж. -2022 ж. Алматы қаласының «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында қала күніне орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасының және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Алматы күніне орай «Аманат» атты республикалар жыршылар фестивалінде өнер көрсетті;
-2022 ж. Алматы қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған Қала күніне орай ұйымдастырылған Астана алаңында өткен «Zhuldyzdy Almaty» мерекелік концертіне қатысты;
-2022 ж. Алматы қаласының «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында қала күніне орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасының және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Жәнібек Карменов атындағы «Ән-Алматы» атты тұңғыш республикалық дәстүрлі әншілер байқауына қонақ ретінде шақырылып, өз өнерін көрсетті;
-2022 ж. Түркістан қаласында өткен халықаралық «Turkic Music Fest» атты Түркі елдерінің халықаралық музыканттар мен диджейлердің фестиваліне қатысып, «Kazakh Tourism ҰҚ» АҚ басқармасының Төрағасы Талғат Аманбайдың алғыс хатымен марапатталды;
-2023ж. Жібек жолы телеарнасындағы «Төрлетіңіз» бағдарламасына қонақ ретінде шақырылып, Алматы қаласында өткен түсірілімге түсіп қайтты;
- 2023 ж. Ақтау қаласында өткен Отандық дизайнер Гүлнара Қасымның «Аталарға тағзым» атты сән көрсетілімінде өнер көрсетті;
-2023 ж. Маңғыстау елінде орналасқан Ыбықты сай шатқалында Халық әні «Ақ баян» әніне бейне баян түсірді;
-2023 ж. Ақеркенің орындауындағы шығармалар барлық музыкалық платформаларға жүктелінді;
-2023 ж. Отандастар қорының ұйымдастыруымен өткен Германия елінің Кельн қаласында Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайында өнер көрсетті;
-2023 ж. Түркістан қаласының мәдениет күндерінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваліне арналған «Гүлденген Түркістан» атты мерекелік Гала-концертіне шақырылып, өнер көрсетті;
-2023 ж. Швеция Корольдігінің Стокгольм қаласында ҚР-ның елшілігінің шақыруымен Республика күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсетті;
-2023 ж. Түркия елінің TRT AVAZ мемлекеттік телеарнасының шақыруымен өткен «Bizim sesler» атты жаңа жобаның түсіріліміне қатысып, түрік оркестірінің сүйемелдеуімен бір сағаттық концерттік номерлерді орындады;
-2024 ж. Болгария Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасымен Болгария Астанасы Софияда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисті ретінде концертке қатысты;
-2024 ж. Хабар телеарнасында «Оян» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат беріп қобызбен күйлер орындап, көрермендердің ықыласына бөленді;
-2024 ж. Ақмола облысы Степняк елдімекені мен Көкшетау қаласында өткен Біржан Салдың 190 жылдығына арналған концертте өнер көрсетіп, халықтың қошаметіне бөленіп қайтты;
-2024 ж. «Түркі тілмаш» интелектуалды бағдарламасынына қатысып, жоғарғы көрсеткішткрге жетіп, көрермендер ықыласына бөленді;
-2024 ж. Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, TAJ Models мектебінің ұйымдастыруымен өткен I-ші Республикалық «Астана Ханшайымы» атты сұлулық байқауында әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты;
-2024 ж. Беларусияның Витебск қаласында XXXIII «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында ШЫҰ елдерінің ұлттық мәдениет күндерінде өнер көрсетті;
-2024 ж. Канада елінің Монреаль қаласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) штаб-пәтерінде өткен Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы тұрақты өкілдігінің ашылуына орай ұйымдастырылған салтаннатты шарада өнер көрсетті;
-2024 ж. Қазақстан ұлттық арнасында тікелей эфирде өткен «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып келіп, сұхбат беріп, қобызбен өнер көрсетті;
-2024 ж. Астана қаласында Dar Dimond модельдік мектебі ұйымдастыруымен Салтанат Сарайында «Золотая Лихорадка» атты «Fashion Show-2024» Халықаралық сән көрсетіліміне әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды;
-2024 ж. ҚР-ның композиторлар одағының мүшесі, балалар композиторы Алтын Махамбетованың «Болашағы елімнің» атты авторлық кешінде «Туған жер» атты әнді Ерқанат Ақжігіт атты кішкентай жігітпен орындап шықты;
-2025 ж. Қазақстан Ұлттық арнасының «Замандастар» бағдарламасына қонақ ретіне шақырылып, өнерін көрермендерге паш етті;
-2025 ж. Астана қаласында Family Weekend отбасылық күндер аясында ұйымдастырылған сән көрсетілімінде қызы Айкөркеммен көрсетілімді ашып, елді тәнті етті;
- 2025 ж. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» өнер орталығының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған «Біздің жәрмеңке» атты концертінде қазақтың 5 халық әнін қобызға салып орындады.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған