Ол — Ұлы даланың рухы мен тарихының бір бөлігі.
Бүгін, қазақтың тазы күніне орай, Димаш Құдайберген көпшілікке бұрын жарияланбаған ерекше әрі жылы кадрларымен бөлісті. Фотосуреттерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нэнси мен Наурыз атты тазылары, Президенттің тұлпары және Димаштың өзіне Президент сыйлаған Ғарышкер атты тазысы бейнеленген. ❤️
Бұл кадрлар халқымыздың табиғатпен, еркіндікпен және Ұлы даланың көне дәстүрлерімен сабақтастығын сезіндіреді.
Біз үшін мұндай сәттердің маңызы ерекше. Өйткені ұлттық мұра — өткеннің ғана тарихы емес, бүгінгі ұрпақпен бірге өмір сүріп, келешекке жалғасатын құндылық. Қазақтың тазысы әлемге Қазақстанның мәдени мұрасының бірегей символы ретінде танылып, лайықты биіктен көріне берсін. 🇰🇿✨

