Сюжет негізінде XII ғасырдағы Низамидің поэмасы жатыр, ол Карло Гоцциге Пуччини операсына арқау болған ертегі жазуға шабыттандырған.
Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырады. Жауабын тапсаң — жүрегіне жол тапқаның. Қателессең — өлгенің.
Қоюшы – Паваротти, Доминго, Тарковский және Зубин Метамен жұмыс істеген әйгілі Давиде Ливермор.
Операның әр нотасы — сынақ.
Қапы қалмаңыздар!