«Мәдени мұра» қорының атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің би өнеріндегі биік шеберлігіңіз, сахнадағы сұлулығыңыз бен нәзіктігіңіз – ұлттық мәдениетіміздің нағыз асыл мұрасы.
Әр қимылыңыз бен қадамыңыз көрермен жүрегіне жол тауып, рухани байлығымыздың жаңа қырынан көрінуіне септігін тигізуде.
Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және сахнадағы жеңістеріңіз көп болғай! Өнеріңіздің шырағы сөнбей, асқақтай берсін. Әрбір күніңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын!
Ізгі ниетпен,
«Мәдени мұра» қорының ұжымы атынан,
Импресарио,
Эльбрус Имамбаев




